logo

Белгілі қазақ балуаны ұсталды

Белгілі қазақ балуаны ұсталды

Полиция Алматы облысындағы күрес түрлерінен федерация президенті Дамир Күзенбаевты ұстады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Полицияның хабарлауынша, 28 маусымда Дамир Күзембаев ішімдік ішіп, қоғамдық тәртіпті бұзған.

«Заңсыз әрекеттердің жолын кесу кезінде ол балағат сөз айтып, полиция қызметкерлеріне белсенді физикалық қарсылық көрсетті. Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылықты қолдану фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады», - делінген хабарламада.

Күзембаев халықаралық дәрежедегі спорт шебері.