logo

Беларусь құрамасының жартылай қорғаушысы «Елімай» қатарын толықтырды

Беларусь құрамасының жартылай қорғаушысы «Елімай» қатарын толықтырды

Семей «Елімай» Беларусь жартылай қорғаушысы Никита Корзунмен келісімшартқа отырғанын жариялады.

28-жасар Корзун - белоруссиялық «Динамо Минск» түлегі. Никита киевтің «Динамосы» мен солигорсклық «Шахтерінің» намысын қорғады.

Сонымен қатар, оның мансабында Сауд Арабиясының «Әль-Фатех» және португалдық «Вилафрансенсе» клубтары болды. Беларусь құрамасы сапында Корзун 22 ойын өткізді.