Бекбаев легионерлерге қатысты ережелердің өзгеруі туралы: Қазақстанда ойнауға мүмкіндік аз болады
Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Алмат Бекбаев Sport Plus Qazaqstan тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан чемпионатында легионерлерге арналған лимиттің өзгеруі туралы пікір білдірді.
10 қаңтарда Қазақстан футбол федерациясының басшысы Адлет Барменқұлов отандық футболдағы легионерлер лимитінің жойылғанын мәлімдеді. Бұл дегеніміз, енді алаңға клуб құрамында 13 қазақстандық болуы тиіс деген шартпен шетелдік футболшылардың шексіз саны шыға алады. Алматы Бекбаев осы өзгерістердің оң және теріс жақтарын атап өтті.
- Мен мұнда кемшіліктерден гөрі жақсы жақтарын көрудемін. Егер команда құрамдарында легионерлер ойнайтын болса, онда біз еурокубоктарда алғашқы екі раундтан әрі қарай өтуіміз мүмкін. Яғни, Еуропалық жарстардың негізгі кезеңіне «Астанадан» бөлек басқа да командалар іріктелуі мүмкін. Бірінші лиганың деңгейіде көтеріледі, өйткені құрамдарда орын таппаған жергілікті ойыншылар Бірінші лига клубтарында жұмыс іздейді. Бәлкім, қазақстандықтар шетелге кетуге де ұмтылатын шығар, өйткені Қазақстанда ойнауға мүмкіндік аз болады. Негізінен, біздің командалар легионерлерді көп ойнатады, ал біздің ойыншыларға көп көңіл бөлмейді. Қайталап айтамын, нақты бұл шешімнің артықшылығы немесе кемшілігі басым екендігін білмеймін, - деді Бекбаев.
Өздеріңіз білетіндей, бұған дейін Премьер-лига командалары алаңға тек жеті легионер шығаруға құқылы болған.