Бауыржан Исламхан: Жігіттер Фарер аралдарына қарсы матчқа толық дайын

Бауыржан Исламхан: Жігіттер Фарер аралдарына қарсы матчқа толық дайын

Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан УЕФА Ұлттар лигасы аясында өтетін Фарер аралдары құрамасына қарсы матч алдында баспасөз мәслихатына қатысты, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

«Бәріңіз білетіндей, елімізде қайғылы жағдай болды. Кеше Қазақстан үшін өте ауыр күн болды. Ең алдымен, қаза болған сарбаздардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын.

Бапкеріміз айтқандай, барлық балалар келіп, жиналды. Бірақ арасында жарақат алған ойыншылар да бар. Жарақатына байланысты кейбір футболшылар келе алмады. Дегенмен олардың орнына келген басқа балалардың да барлығы 100 пайыз дайын, өздерін көрсетуге дайын.

Мені қайтадан ұлттық құрамаға шақырғандары үшін бапкерлік құрамға алғысымды айтқым келеді. Өздеріңіз білесіздер, бір жылдай жарақат алып, алаңнан тыс қалдым. Сол кезде ұлттық құрамаға қайта оралғым келетінін айтқан едім.

Биыл жаңа бапкер келді. Алғашқы ойындарға мені шақырмады. Ал екінші ойындар алдында жаңа бапкер келіп, мені ұлттық құрамаға шақырды. Сол үшін де көп рақмет айтқым келеді.

Кім капитан болатыны туралы бапкерлік құраммен жиналып, Нұралы Әліппен сөйлестік. Нұралы «інілік ізетін» көрсетіп, «өзіңіз капитан болыңыз» деп ұсыныс жасады. Ал бас бапкер осы шешімді қабылдады», — деді Бауыржан Исламхан.



Күн шежіресі