Баскетболдан медиа лига Sport+ телеарнасында тікелей эфирде
15 тамызда Алматыда медиа лиганың алғашқы ойындары басталады.
Лига аясында кәсіби спортшылармен қатар, Еркебұлан Тоқтар, Сей Мо және басқа да медиа тұлғалар, сондай-ақ бұрынғы және қазіргі баскетболшылар өнер көрсетеді.
Турнирге Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Рустам Ерғали, «Барселона» және «Астана» клубтарында ойнаған Александр Жигулин және басқа да баскетболшылар қатысатынын растады.
Алғашқы күні алаңға HLM TEAM, TM TEAM, HOWE X CAPTOWN және GORKY X TAYKEN командалары шығады.
Матчтар 16:00–де басталады.
Тікелей эфирді sportplustv.kz сайтынан көруге болады.