«Барселона» Испания Суперкубогының жартылай финалында «Атлетикті» (Бильбао) 5:0 есебімен ойсырата жеңді.

Бірінші таймда Торрес, Фермин, Барджи және Рафинья есепті 4:0 жеткізді. Ал екінші таймда Рафинья дубль жасап, таблодағы соңғы есепті тіркеді.