Бақтиер Зайнутдинов жаңа клубпен келісімшарт жасасты

Мәскеулік «Динамо» 27 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдиновпен келісімшартқа отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+.
Зайнутдинов «Динамо» клубына түріктің «Бешікташ» командасынан ауысты. Өткен маусымда ол Стамбұл клубы сапында 12 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берген. Алайда жарақатына байланысты маусымның бір бөлігін өткізіп алды.
Бақтиер кәсіби мансабын туған жері Тараздың «Тараз» клубында бастап, кейін «Астанаға» ауысып, 2018 жылы Қазақстан чемпионы атанды. Одан кейін «Ростовтың» құрамын толықтырды, артынан ЦСКА сапында ойнады. Мәскеулік клубпен бірге 2023 жылғы Ресей кубогын жеңіп алды. Ал «Бешікташ» құрамында Түркия кубогы мен Суперкубогын иеленді.
Айта кетейік, «Динамоның» бас бапкері — Валерий Карпин. Ол Зайнутдиновты «Ростовта» жаттықтырған болатын.
Келісімшарт 2029 жылдың жазының соңына дейін жасалған. Футболшы мәскеулік клубта 19-нөмірмен өнер көрсетеді.