Бақтиер Зайнутдинов Түркиядағы алғашқы трофейіне қол жеткізді
Стамбұлдың «Бешикташ» футбол клубы Түркия кубогінің иегері атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ел кубогінің финалдық ойыны 23 мамырда Стамбұлда өтті. «Бешикташ» «Трабзонспорды» қабылдап, 3:2 есебімен басым түсті.
Қос команда бірінші таймда бір-бір голдан соқты. Алдымен қонақтар сапынан 13-минутта Пол Онуачу көзге түссе, тайм аяқталар тұста Рашид Геззаль есепті теңестірді.
Екінші таймда да командалар ашық ойын көрсетті. 54-минутта «Бешикташ» ойыншысы Салих Учан дәл соққысымен командасын алға шығарған. Ал, 89-минутта «Трабзонспор» сапынан Николь Пепе гол соғып, жанкүйерлеріне үміт сыйлады.
Ойынның негізгі бөлігі тең аяқталып, жарты сағаттық овертаймда «Бешикташтың» мерейі үстем болды. 94-минутта соғылған голдың авторы – Әли әл-Моатасембелла.
Айта кетейік, Зайнутдинов негізгі құрамда алаңға шыққан жоқ. Матч соңына дейін команданың бас бапкері оны қосалқы құрамда ұстады.