Балуандар Түркістанда Қажымұқан жүлдесін сарапқа салады
25-26 қараша Түркістан қаласында қазақ күресінен ересектер арасында Қажымұқан Мұңайтпасұлының жүлдесіне арналған Әлем кубогі өтеді, деп хабарлайды Sport+ Қазақ күресі Қауымдастығының мәліметі бойынша.
Аталмыш бәсекеге Қазақстан, Грузия, Польша, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Үндістан, Қытай, Әзербайжан және Моңғолия елдерінің спортшылары қатысып, жарыс жүлдесін сарапқа салады.
Жеңімпаз-жүлдегерлерге қаржылай сыйақы қарастырылған: І орын – 500 000 теңге; ІІ орын – 300 000 теңге; ІІІ орын – 200 000 теңге; Жеңімпаздың жаттықтырушысына 200 000 теңге.
Жарыстың басталуы: 25 қараша, сағ. 10.00 Салтанатты ашылуы: 25 қараша, сағ. 12.00 «Олимпик Арена» спорт кешені Түркістан қаласы.