logo

Балуандар Таразда бас қосады

Балуандар Таразда бас қосады

11 қарашада Таразда  күрес түрлерінен Қазақстан Республикасының кубогы басталады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Турнирге грек-рим, еркін және әйелдер күресінің өкілдері қатысады. Спорттың әр түрінен он салмақ дәрежесінде медалдар сарапқа салынады.

11 қарашада “классиктер” арасында жарыстар басталады. Ал, 13 қарашада әйелдер арасындағы үздіктер анықталады. Кубокты қорытындылайтын еркін күрес шеберлері, 14 қарашада жүлделі орындар үшін күреседі.