Балуан Эльмира Сыздықова Азия ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізді

Балуан Эльмира Сыздықова Азия ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізді

Қазақстандық балуан Эльмира Сыздықова күрестен Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

76 келіге дейінгі салмақтың финалында отандасымыз жапониялық Юка Кагамимен жолықты.

Белдесу 5:1 есебімен Жапония өкілінің пайдасына аяқталды.

Ал Эльмира Сыздықова Азиаданы күміс медальмен қорытындылады.

Айта кетейік, бұл Эльмира Сыздықованың Азия ойындарындағы екінші жүлдесі. Бұрымды балуанымыз бұған дейін Джакарта-2018 ойындарында қола медаль алған.