logo

Бактиер Зайнутдинов Ресейге қайта ауысуы мүмкін

Бактиер Зайнутдинов Ресейге қайта ауысуы мүмкін

Қазақстан құрамасының және «Бешикташ» клубының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов команда ауыстырып, қайтадан РПЛ санатына қосылуға дайын, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Түркия баспасөзінің мәліметінше, Бактиер Зайнутдинов «Бешикташтағы» қазіргі жағдайына риза емес, енді көшуге ниетті. Алайда осы жазда Санкт-петербургтің «Зенитінен» келген ұсыныстан бас тартқан ол Ресейге баруға дайын екен, Еуропада қалу Зайнутдинов үшін таптырмас жол болып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, 2019-2023 жылдар аралығында 26-жасар жартылай қорғаушы Ресейде «Ростов» пен ЦСКА сапында ойнаған еді.



Күн шежіресі