Бәйгеден Қазақстан чемпионатының бесінші кезеңі аяқталды
8 маусым күні Қостанайда бәйгеден Қазақстан чемпионатының бесінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Жарыс бағдарламасында: құнан бәйге,
топ бәйге, Аламан бәйге және жорға жарыс. Жүлде қоры: 20 900 000 теңге.
Құнан бәйгеде Жүзген лақап атымен белгілі ат жеңімпаз атанды, шабандоз Аңсар Арыстанбек. Ү
Екінші орында Ақжол (Нұрхат Ерболатұлы). Қола жүлдегер Қасқалдақ (Асланбек Абдықал).
Топ бәйгеде жеңімпаз Нарбуған (Жартыбай). Күміс жүлде Ақтанауда (Айтбай Олжас). Үшінші сатыда Береке (Санжар Иринат).
Sport Plus Qazaqstan телеарнасы бәйгеден Қазақстан чемпионатын тікелей эфирде көрсетті.