logo

Азия чемпионатына қатысатын жас дзюдошылар анықталды

Азия чемпионатына қатысатын жас дзюдошылар анықталды

Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатында бақ сынайды. Бүгінде турнирге қатысатын отандық спортшылар белгілі болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Жастар арасындағы құрлықтық біріншілік 31 тамыз бен 1 қыркүйек арасында Оңтүстік Кореяның Мунгён қаласында өтеді. Аталған сынла ел намысын 19 жас атлет қорғамақ. 

Назарларыңызға Қазақстан командасының құрамын ұсынамыз:

Ұлдар:  

60 келі: Данияр Кулушев, Мадияр Серіков   

66 келі: Аян Байкенжеев   

73 келі: Ернар Кеңесхан  

81 келі: Глеб Азаров, Данил Крылов  

90 келі: Егорь Раков 

-100 келі: Дінасыл Тәттімбек  

+100 келі: Жантілек Нұртілепұлы 

Қыздар:  

48 келі: Сабина Юлдашбекова, Тасним Абдуали  

52 келі: Аяулым Қайрат, Нұрайлым Сәрсенбек  

57 келі: Дина Мұханбет  

63 келі: Ұлдана Таңжарықова  

70 келі: Әділ Сағира 

-78 келі: Анастасия Нагачевская 

+78 келі: Руслана Махатова  

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы Қырғызстанның Ыстық-көл аймағында оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр.



Күн шежіресі