logo

Азия чемпионаты: Нұрдәулетов, Тоғамбай және Оралбай жеңіске жетті

Азия чемпионаты: Нұрдәулетов, Тоғамбай және Оралбай жеңіске жетті

Таиландта бокстан Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан ерлер құрамасы бұл біріншілікті төрт алтын медальмен қорытындылады, деп хабарлайды Sport+.

86 келіде өнер көрсеткен Бекзат Нұрдәулетов қарсылас шақ келтірмеді. Ақтық сында өзбекстандық боксшыны 4:1 есебімен жеңген Бекзат Азия чемпионы атанды.

92 келіде Сағындық Тоғамбай мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Тәжікстандық қарсыласпен финалдық жекпе жек екінші раундта тоқтатылды.

Аса ауыр салмақта Айбек Оралбай Қытай боксшысынан 5:0 есебімен басым түсті. Осылайша, Қазақстан ерлер құрамасының қоржынында 4 алтын, 5 күміс және 1 қола медаль бар.