logo

Азат Мақсұм Алмаханның UFC-дегі дебюті туралы: Нурмагомедовпен болған жекпе-жегінде Бекзаттың бұрышында тәжірибелі адам жетіспеді

Азат Мақсұм Алмаханның UFC-дегі дебюті туралы: Нурмагомедовпен болған жекпе-жегінде Бекзаттың бұрышында тәжірибелі адам жетіспеді

UFC-дегі қазақстандық жауынгер Азат Мақсұм «SarbazPodcast» Youtube-жобасында Бекзат Алмаханның ұйымдағы дебюті туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Бекзатқа Умар Нурмагомедовпен болған жекпе-жекте бұрышында тәжірибелі адам жетіспеген сияқты. Мысалы, Дәмеш ағай. Ол кісі визаға ұсыныс жасап, екі рет рұқсат ала алмады. Бекзаттың бұрышында өзім болуға ой болған, бірақ менің визам біте бастады. Негізі бапкерлермен ақылдасқанбыз, бірақ қорытындысында басқа адамды жіберуге шешім қабылдадық», - деді Мақсұм.



Күн шежіресі