Азамат Дәулетбеков әрі қарай қандай жарысқа дайындалатынын айтты

Алматыда өткен PWL 8 турнирінде Токио Олимпиадасының жүлдегері Магомедхабиб Кадимагомедовті жеңген Азамат Дәулетбеков белдесуден соң өзінің жоспарын айтты, деп хабарлайды Sport+.
«Бұл белдесуге нақты жоспар құрмадым. Ең бастысы өз күресіммен 6 минутқа күресіп шығамын деген ой болды. Трибунадағы қолдауды сездім, барлық жанкүйерлерге алғыс білдіремін! Жарақатым мазалаған жоқ, бірақ әрі қарай сақтану үшін тіземді қорғаныста ұстадым. Ендігі жоспар наурыз айында өтетін Азия чемпионатына ұлттық құрама сапында дайындаламын», — деді Дәулетбеков.