logo

Ахмед әл Мессауди: Ораза кезінде дайындық барысы өзгереді

Ахмед әл Мессауди: Ораза кезінде дайындық барысы өзгереді

«Тобылдың» жартылай қорғаушысы Ахмед әл Мессауди «Қызылжмен» ойын жайында пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып:

 «Кеше алаңның соңғы 30 метрінде өнімді ойын көрсеттік деп айта алмаймын. Сондықтанда гол соғатын сәттер аз болды. Бірақ келесі ойындарда осы мәселені дұрыстауға тырысамыз.
Рамазан айында жаттығу басқаша жасалады. Бірақ физикалық тұрғыда ешнәрсе өзгермеді, өйткені ораза ұстасақ та іштей ойынға толық дайын болдық.
 Шын жүректен жанкүйерлерге рахмет айтқым келеді. Бізді қолдау үшін Қостанайдан қанша шақырымды бағындырып келгенін білемін. Бұл олардың клубты қаншалықты жақсы көретінінің белгісі және біз сол үшін күресуге дайынбыз»