«Атырау» Гана құрамасының бұрынғы ойыншысымен келісімшартқа отырды

«Атырау» Гана құрамасының бұрынғы ойыншысымен келісімшартқа отырды

«Атырау» клубы 31 жастағы ганалық жартылай қорғаушы Эбенезер Офоримен келісімшартқа қол қойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Эбенезер Офоридің кәсіби мансабы Швецияның АИК клубында басталды. 2017 жылы ол Германияның «Штутгарт» клубына ауысып, 2016/17 жылғы маусымда Екінші Бундеслиганың чемпионы атанды.

Мансабы барысында Офори Швеция, АҚШ, Дания және Литва чемпионаттарында өнер көрсетті. Ол АИК, «Вайле», «Нью-Йорк Сити» және «Жальгирис» клубтарының намысын қорғады.

Сондай-ақ футболшы Гана ұлттық құрамасы сапында 10 матч өткізіп, бір голдың авторы атанған.