«Атырау» экс-футболшысы «Жетісу» жиынына қосылды
Қорғаушы Сослан Такулов талдықорғандық «Жетісу» оқу-жаттығу жиынына қосылды, деп хабарлайды Sport+.
Соңғы үш маусымда 29 жасар футболшы «Атырау» футбол клубының намысын қорғады. Сонымен қатар, ресейлік футболшы «Ақжайық» және «Шахтер» сапында өнер көрсетті.
Такулов Қазақстан Премьер-лигасында 98 матч өткізіп, 1 гол соғып, 9 нәтижелі пас берді.