«Атырау» екі легионермен қош айтысты

«Атырау» футбол клубы қорғаушылар Гиа Чадунели мен Гиорги Гадранимен қош айтысты, деп хабарлайды Sport+.
Гия Чадунели мұнайшылар сапын биылғы қысқы трансфер кезінде толықтырған болатын және 6 матчқа қатысты. Гиорги Гадрани де қысқы өтінім кезеңінде «Атырау» командасына қосылып, ҚПЛ-де 8 матч өткізді.
Бұған дейін клубтың бас менеджері Дидар Сыдықбек құрамды күшейтіп, Премьер-лигада қалу міндетін орындауға уәде берген еді.