Асылжан Таскет: Негізгі мақсатым - UFC-де жұдырықтасу
Қазақстандық жауынгер Асылжан Таскет Sport Plus Qazaqstan телеарнасының сайтына берген сұқбатында «Alash Pride FC 93» турниріне дайындық, мансабындағы мақсаттар және Руслан Сариевтің жекпе-жегі туралы пікір білдірді.
- Жепке-жекке дайындық қайда өтті? Сапррингте негізгі серіктестер кімдер болды?
- «Tobet top team» командасында дайындық жүргіздім. Аллаға шүкір дайындық жақсы өтті. Негізгі спарринг бойынша серіктестер Ақан Көшенов және Жасұлан Әкімжан секілді басқа да мықты жауынгерлер болды.
- Велингтон - мансабыңыздағы алғашқы бразилиялық. Онымен жекпе-жектен не күтесіз?
- Иә, ол менің мансабымдағы алғашқы Бразилия елінің азаматы. Мен жақсы жекпе-жек көрсетуге тырысамын.
- Сіздің мансабыңызда Дастан Амангелдіден жалғыз жеңіліс бар. Реванш өткізу ойда бар ма?
- Иә, бұл жалғыз жеңіліс. Осы жекпе-жекке дейін мен біраз салмақ түсірдім. Жалпы, мен 61 кг-ға дейін 20 кг салмақ лақтырамын. Сондықтан «Alash Pride-та» мен 66 кг салмақта өнер көрсетемін. Егер Амангелді өз салмағын 66-ға дейін көтерсе, мен реванш өткізуге дайынмын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
- «Alash Pride-те» басқан кандай файтерлермен жұдырықтасу қызық болар еді?
- «Alash Pride» дивизионында мен бразилиялықтармен және еуропалықтармен жұдырықтасқым келеді.
- Бұл сіздің лигадағы екінші жекпе-жегіңіз. Қанша жекпе-жекке келісімшартыңыз бар және «Alash Pride-та» мақсатыңыз қандай?
- «Alash Pride-пен» мен тек бір жекпе-жекке келісімшартқа отырамын. Мүмкін «Alash Pride» жекпе-жегінен кейін менде еуропалық промоушнде жұдырықтасу болар. Негізгі мақсатым - UFC-де жұдырықтасу. Бұл үшін барынша әрекет етемін.
- Жексенбідегі басты жекпе-жекте Руслан Сариев та жұдырықтасады. Ол бір кездері «Tobet top team» командасында сізбен жаттықты. Оның бразилиялықпен жекпе-жекке қатысты болжамыңыз?
- Руслан - менің досым және мықты файтер. Біз жақсы араласамыз. Менің ойымша, ол бұл жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жетеді.