logo

Асу Алмабаев – UFC турнирінің мейн-ивентінде өнер көрсететін алғашқы қазақстандық

Асу Алмабаев – UFC турнирінің мейн-ивентінде өнер көрсететін алғашқы қазақстандық

АҚШ-тың Kill Cliff залында Асу Алмабаевпен жұмыс жасайтын бапкер Саид Сапаровтың айтуынша, қазақстандық жауынгер 2 наурызда өтетін UFC Vegas 103 турнирінің басты жекпе-жегінде португалиялық Манел Капеге қарсы төбелеседі, деп хабарлайды Sport+ Спорт Шредингерге сілтеме жасап.  

Қазақстандық файтер жарақатына байланысты UFC турнирінен шығып қалған ең жеңіл салмақтағы рейтинг көшбасшысы Брэндон Ройвалдың орнын басады.

Рейтингте Капе алтыншы орында тұр, ал Алмабаев — сегізінші. Бұл жекпе-жек Капе үшін UFC-де екінші қазақстандық қарсыласқа қарсы сын болмақ — бұған дейін ол Жалғас Жұмағұловты нокаутпен жеңген.  

Асу үшін UFC Vegas 103 турниріндегі қарсыласы үшінші рет өзгеріп отыр. Алғашында оның қарсыласы экс-претендент Стив Эрцег болуы керек еді, бірақ австралиялық файтерді кейінірек 29 наурызда өтетін UFC Mexico турнирінің басты жекпе-жегіне экс-чемпион Брэндон Мореноға қарсы ауыстырды. Бүгінге дейін Асуға қарсылас ретінде бразилиялық Аллан Насименту белгіленген болатын.



Күн шежіресі
1 г. 2 м. 8 ч. 10 м. 38.371 с.