logo

Астаналық спортшылар атқа отыру челленджін жолдады

Астаналық спортшылар атқа отыру челленджін жолдады

Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруыман қала маңындағы «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде» атқа міну дәстүрі республикалық челленджі өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Күзде елімізде алғаш рет 100-ден аса мемлекеттің қатысуымен дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында өткен челленджге 150-ге тарта спорт саласының қызметкерлері мен қатар елімізге танымал бірқатар спортшылар да бой көрсетті. Атап айтар болсақ Василий Левит, Ақмарал Науатбек, Едіге Емберді, Темірлан Мұқатаев, Нұрбек Талбудин және Эмма Тисина сынды спортшылар.

Атқа міну — қазақта бұрыннан келе жатқан дәстүр. Осындай шараның бір мүшесі болғанына өте қуаныштымын. Қарап отырсам, тұлпарға мінбегеніме 6 жылдай уақыт болыпты. Мен үшін уақыт пайдалы әрі қызықты өтті.

Қазіргі таңда жарты жылдан бері ресми жарысқа қатыспадым. Кішігірім жарақаттарымды емдеп, оқу-жаттығу жиындарына қатысып жүрмін. Күздегі жастар арасында өтетін Нью-Йоркте Әлем чемпионатына мен қарашада Қазақстан чемпионатында бақ сынаймын, - деді ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында 2 дүркін Әлем чемпионы Едіге Емберді.



Күн шежіресі