Астанадағы Grand Slam: соңғы күн жүлдесіз
Қазақстандық дзюдошылар Астанадағы Grand Slam турнирінің соңғы күнінде финалға өте алмады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
Үшінші жарыс күні жеңімпаз және жүлдегерлер бес салмақ дәрежесінде анықталуда: үш ерлер салмағы және екі әйелдер салмағы. Алайда отандық спортшылар үміткерлер қатарында енді жоқ.
Бүгін татамиге шыққан Қазақстан командасының барлық өкілі алғашқы айналымдарда тоқтады.
Осылайша, турнир қорытындысы бойынша Қазақстан қоржынында төрт медаль: Ғалия Тынбаева жеңімпаз атанса, Елдос Сметов (60 кг), Бақытжан Абдурахманов (73 кг) және Абылайхан Жұбаназар (81 кг) қола жүлдегер.