Астанада теннистен Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты өтеді

Астанада теннистен Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты өтеді

20–25 шілде аралығында Астанадағы Beeline Arena теннис орталығында ересектер арасында теннистен Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты өтеді.

Алты күн бойы еліміздің үздік теннисшілері жекелей сында Қазақстан чемпионы атағы үшін бақ сынайды. Дәстүрлі турнир тәжірибелі ойыншылар мен халықаралық аренада сәтті өнер көрсетіп жүрген дарынды жастарды бір алаңға жинайды.

Елдің қазіргі чемпионы, жаңа буынның ең дарынды өкілдерінің бірі Әмір Омарханов өз чемпиондық атағын қорғайды. Сондай-ақ ерлер арасындағы жарысқа Григорий Ломакин, Арсений Требухин, Даниель Юрекли және еліміздің басқа да үздік теннисшілері қатысады.

Әйелдер арасындағы чемпиондық атақ үшін Аружан Сагандыкова, Асылжан Арыстанбекова, Инкар Дюсебай, Сандугаш Кенжибаева,  Альбина Какенова және Қазақстан намысын халықаралық турнирлерде тұрақты түрде қорғап жүрген өзге де спортшылар бақ сынайды.

Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты жанкүйерлерге еліміздің үздік теннисшілерін және ұлттық құраманың болашақ көшбасшыларын тамашалауға тамаша мүмкіндік береді.
Көрермендер үшін кіру тегін.

Барлық маңызды спорттық оқиғаларды BeeTV-ден тамашала!



Күн шежіресі