Астанада Президент Кубогы аясында ITF сериясындағы турнир өтіп жатыр

Астанада Президент Кубогы аясында ITF сериясындағы турнир өтіп жатыр

Астанадағы Beeline Arena Ұлттық теннис орталығының корттарында Қазақстандағы басты теннис оқиғаларының бірі — Президент Кубогы жалғасуда, деп хабарлайды Sport+.

Биылғы аптада турнир аясында ITF World Tennis Tour сериясындағы екі бірдей жарыс өтіп жатыр: ерлер арасында M15 және әйелдер арасында W15 турнирлері.

Қазақстан құрамасының намысын Әмір Омарханов, Заңғар Нұрланұлы, Григорий Ломакин, Аружан Сағындықова, Інкар Дүйсебай, Асылжан Арыстанбекова және өзге де теннисшілер қорғайды. Бұл турнир — олар үшін халықаралық деңгейде өзін көрсетуге және рейтингтік ұпайлар үшін күресуге тамаша мүмкіндік.

Жарыс 16 тамызға дейін жалғасады.

Sport+ телеарнасы Орталық корттағы барлық матчтарды тікелей эфирде көрсетеді.

Beeline Janymda. Матчтарды қай жерде болсаңыз да тамашалап, эмоциямен бөлісіңіз!



Күн шежіресі