logo

«Астана» велошабандозы Африка чемпионатында жеңіске жетті

«Астана» велошабандозы Африка чемпионатында жеңіске жетті

Astana Qazaqstan Team командасының шабандозы Хенок Мулюбырхан Эритрея құрамасы сапында Кенияда өткен шоссе веложарысы бойынша Африка чемпионатында топтық жарыста жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Мулюбырхан 154 шақырымдық қашықтықтың соңғы километрінде шағын өрге шабуыл жасап, қарсыластарынан озып, жеке жеңіске қол жеткізді.

Бұл Хенок Мулюбырханның Африка континентальдық чемпионатының топтық жарыстарындағы қатарынан үшінші жеңісі болды.

«Эритрея құрамасымен бірге тамаша жарыс өткіздік, менің командаластарым күн бойы жағдайды бақылауда ұстап, керемет жұмыс атқарды. Соңғы екі километрде шабуылдар басталып, мен қарсыластарымның әрбір қимылына жауап беріп отырдым. Ақырында барлық шабуылдарды тоқтатып, соңғы километрде өзім шабуыл жасап, жеңіске жеттім. Бұл жеңісті Эритрея мен отбасымның құрметіне арнаймын! Мен үшін бұл Африка чемпионатындағы қатарынан үшінші жеңіс, бұған дейін ешкім үш рет қатарынан бұл титулды жеңіп алған емес, сондықтан осы жетістігіме мақтанамын», – деді Хенок Мулюбырхан.



Күн шежіресі