«Астана» Ұлттық лиганың финалына шықты

«Астана» Ұлттық лиганың финалына шықты

«Астана» жартылай финал сериясын «Барсы Атырау» командасына қарсы өз алаңындағы 88:87 есебіндегі жеңіспен аяқтады.

«Астана» сапында ең нәтижелі ойыншы Эрик Дэй болды. Ол 34 ұпай жинады.

Қонақтар құрамында Майкл Майс 38 ұпай еншіледі.

Енді «Астана» финалдық серияда «Каспий» командасына қарсы ойнайды.