logo

«Астана» сапына жаңа ойыншы қосылды

«Астана» сапына жаңа ойыншы қосылды

«Астана» баскетбол клубы форвард Даниэл Утомимен келісім шартқа отырғанын жариялады. 27жасар баскетболшы өткен маусымда Грекияның «Колоссос» клубында ойнаған. Орта есеппен Утоми әр матчта 7,9 ұпай жинап отырған, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan. 

Баскетболшының қос азаматтығы бар: Нигерия және АҚШ. Нигерия құрамасында ойнайды. 

Бұған дейін «Астана» 25-жасар америкалық Маркелл Джонсонмен келісім шарт уақытын созатынын жариялаған еді. Аталмыш ойыншы елордалық клубта 2022 жылдың қарашасынан өнер көрсетеді.



Күн шежіресі