logo

«Астана» ойыншылары үздік құрамаға енгізілмеді

«Астана» ойыншылары үздік құрамаға енгізілмеді

ВТБ лигасы ойын аптасының қорытындысы бойынша, үздік ойыншылар енгізілген атаулы құраманы жариялады. Бұл жолы оның құрамына «Астана» ойыншылары қосыла алмады, деп хабарлайды Sport+ 

Үздік ойыншылар құрамасына қосылғандар: Алекса Аврамович (ЦСКА), Патрик Миллер («Локомотив-Кубань»), Ксавьер Мун («Зенит»), Макар Коновалов (МБА-МАИ) және Михаил Беленицкий (УНИКС).

ВТБ лигасының қазіргі турнир кестесінде «Локомотив-Кубань» көш бастап тұр. Мәскеулік ЦСКА екінші, «Зенит» үшінші орында.

«Астана» биылғы маусымда барлық ойында жеңіліп, турнир кестесінің ең соңғы орнында. 27 қазан күні команданың бас бапкері Фотис Такианос қызметінен босатылды.