«Астана» маусымаралық кезеңдегі алғашқы трансферін жариялады

«Астана» маусымаралық кезеңдегі алғашқы трансферін жариялады

«Астана» баскетбол клубы қазақстандық плеймейкер Олег Балашовпен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport+ елордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Олег Атырау баскетбол мектебінің түлегі. Ол кәсіби мансабын «Атырау барыстары» клубының жүйесінде бастаған. 2021 жылы «Астана» сапына қосылып, Қазақстан Ұлттық лигасында, ВТБ Бірыңғай лигасында және халықаралық турнирлерде өнер көрсетті.

Өткен маусымда Балашов Ресей Суперлигасында өнер көрсететін «Новосибирск» БК намысын қорғады. Плеймейкер чемпионатта 32 матч өткізіп, бір ойынға орта есеппен 8,4 ұпай, 3,1 нәтижелі пас және 2,7 рет допты қалқаннан қайтару көрсеткішін тіркеді.

Сондай-ақ, Олег Қазақстан ұлттық құрамасына тұрақты түрде шақырту алып, халықаралық аренада өнер көрсету тәжірибесіне ие.



Күн шежіресі