logo

«Астана» келесі маусымда ВТБ лигасында ойнамауы мүмкін

«Астана» келесі маусымда ВТБ лигасында ойнамауы мүмкін

«Астана» баскетбол клубы келесі маусымда ВТБ Біріккен лигасында ойнамауы мүмкін. Бұл туралы ВТБ лигасының президенті Сергей Кущенко сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+.

«Жаңартылған формат әзірге жоқ, бұл мәселе клубтармен бірге Лига кеңесінде талқыланады. Формат сол жерде, маусымның ортасында, чемпионат аяқталғаннан кейін қабылданады. Әрине, кейбір мәселелер алдын ала шешілді. Мысалы, Қазақстандағы кейбір заңнамалық бастамаларға байланысты „Астана“ легионерлермен ойнай алмайды. Сондықтан олар „каникулға“ шығуды жоспарлап отыр. Келесі маусымда олардың U21 командасы ВТБ Біріккен Жастар лигасында ойнайды, ал біз негізгі команданы бір жылдан кейін лигаға қалай қайта қосуға болатынын ойлаймыз. Өйткені олар бізбен бұрыннан ойнап келеді, әрі қарай да жалғастырғысы келеді, біз де соны қалаймыз», - деді Кущенко. 



Күн шежіресі