logo

Астана БК бас бапкері соңғы жеңіліс жайында айтты

Астана БК бас бапкері соңғы жеңіліс жайында айтты

«Астана» баскетбол командасының бас бапкері Фотис Такианос турнир кестесінде соңғы орында тұрған «Минскке» қалай ұтылғаны туралы айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

ВТБ лигасының сайтына берген сұхбатында маман:

«Минскті» жеңіспен құттықтаудан бастағым келеді. Бұл өте күрделі ойын болды. Бізде овертаймға өтіп, матчта жеңіске жетуге мүмкіндік болды. Бірақ соңғы шабуылды жүзеге асыра алмадық. Жалпы жағдайымыз қиын екен анық. өйткені негізгі ойыншыларымыз жоқ.  Алаңға шыққан баскетболшылар барын салды, бірақ қарсылас үшін қалай ойнайтынымыз белгілі болған сияқты. Сондықтан, бізге қажет шешім жоқ.  Маусымның соңына дейін мәселені шешіп, лигада қалып, әр ойында соңына дейін күресу. Осы сәттен бастап маусымдағы соңғы ойынға дейін.  Алдымызға мақсат ретінде қойған межеге жетуге барымызды салудамыз – өз тобымызда үздік төрттікке ену.