«Астана» «Барселонаның» бұрынғы ойыншысымен келісімшартын ұзартқанын жариялады
«Астана» баскетбол клубы қазақстандық орталық ойыншы Александр Жигулинмен келісімшартын ұзартты, деп хабарлайды Sport+.
Жигулин елордалық клубтың жанкүйерлеріне жақсы таныс — ол бұған дейін де «Астана» сапында өнер көрсеткен. Ал 2025/26 маусымы қарсаңында командаға қайта оралып, құрамдағы ең тәжірибелі ойыншылардың біріне айналды.
2025/26 маусымында орталық ойыншы Қазақстанның Ұлттық лигасында 42 матч өткізіп, орта есеппен бір ойынға 8,5 ұпай, 4,2 рет допты қалпына келтіру (ребаунд) және 1,5 нәтижелі пас берді. Оның тиімділік көрсеткіші 9,8 болды.
Сондай-ақ Александр FIBA-ның Батыс Азия Суперлигасында (WASL) «Астана» намысын қорғап, әр матчта орта есеппен 9,4 ұпай жинап, 5,0 рет допты қалпына келтірді.