«Астана» 2025–2026 жылғы FIBA WASL маусымының Final 8 кезеңінде өнер көрсетеді

«Астана» 2025–2026 жылғы FIBA WASL маусымының Final 8 кезеңінде өнер көрсетеді

«Астана» баскетбол клубы 2025–2026 жылғы FIBA WASL маусымының Final 8 кезеңіне қатысады.

Батыс Азия мен Парсы шығанағы аймағының ең мықты клубтары бақ сынайтын турнирдің шешуші кезеңі FIBA шешімімен ресми түрде 2026 жылдың 25 қыркүйегі мен 1 қазаны аралығына ауыстырылды.

Кестенің өзгеруіне Таяу Шығыс пен Парсы шығанағы өңіріндегі күрделі жағдай, әуе қатынасына қойылған шектеулер және 2026 жылдың наурыз–сәуір айларында туындаған логистикалық қиындықтар себеп болды. Сонымен қатар, ұлттық чемпионаттар күнтізбесіндегі өзгерістер мен құрамалардың FIBA 2027 жылғы Әлем кубогының іріктеу кезеңіне дайындығы да бұл шешімге әсер етті.

Барлық жағдайларға қарамастан, «Астана» командасы Final 8 кезеңіне сәтті жолдама алып, турнирдің басты жүлдесі үшін күресті жалғастырады.

Қорытынды кезеңнің нәтижесі бойынша маусымның үздік екі командасы Basketball Champions League Asia 2026 турниріне жолдама алады.



Күн шежіресі