logo

Аслан Дарабаев: Қызықты және лайықты ұсыныс пайда болған жағдайда мен оны қарастырамын

Аслан Дарабаев: Қызықты және лайықты ұсыныс пайда болған жағдайда мен оны қарастырамын

Маусым аралық үзілісте клубсыз қалған Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Аслан Дарабаев Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында алдағы мақсаттары туралы айтты. 

«Мен негізгі уақытты отбасыммен өткіземін. Сондай-ақ жеке жаттығулар жасаймын, бабымды сақтауға тырысамын. Қызықты және лайықты ұсыныс пайда болған жағдайда мен оны қарастырамын. Ал қазіргі таңда мен Бірінші лига клубтарының ұсыныстарын қарастырмайтынымды анық айттым.  Бірақ одан әрі дамудың нұсқасы ретінде нюанс жасауға болады. Бүгінгі таңда мен өз алдына үлкен мақсаттар қоятын Премьер-лига клубымен келісімшартқа отырғым келеді. Қалғаны қызық емес», — деді жартылый қорғаушы.



Күн шежіресі