logo

Аслан Дарабаев: «Оқжетпестен» басқа ұсыныстар болған жоқ

Аслан Дарабаев: «Оқжетпестен» басқа ұсыныстар болған жоқ

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Аслан Дарабаев Sport+ сайтына берген сұхбатында «Елімай» командасының өткен маусымдағы ойыны туралы және Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовпен қарым-қатынастан әсерімен бөлісті.

— Аслан, «Елімай» дебюттік маусымында Премьер-лигада алтыншы орын алды, дегенмен жүлделі орындарға таласуға мүмкіндік болған еді. Бұл мақсатты орындауға не кедергі болды?

— Иә, «Елімай» алтыншы орын алды. Сәтті жағдайларда чемпион атануға да мүмкіндігіміз бар еді. Бірақ «не кедергі болды» немесе «не жетіспеді» деген сұрақтарға бас бапкер жауап бергені дұрыс.

— Сіз Станислав Черчесовтың басшылығымен ұлттық құрамаға қайта оралдыңыз. Ресейлік маманмен жұмыс жайлы не айта аласыз?

— Иә, ұлттық құрамаға оралғаныма қуаныштымын. Жұмысқа деген әсерім өте жағымды.

— Журналистер мен жанкүйерлер Ұлттар лигасында Черчесовтың жұмысына наразылық білдіруде. Бұл сынға көзқарасыңыз қандай?

— Мен жанкүйерлер мен футбол қауымдастығын алдын ала ескерткенмін: біз не биікке көтерілеміз, не керісінше төмендейміз. «В» тобындағы қарсыластар деңгейі мүлдем басқа, біз бұған дейін ойнаған командалардан әлдеқайда жоғары.

— Өзіңіз үшін өткен маусымды қалай бағалайсыз? Ұлттық құрамаға шақырту күттіңіз бе?

— Өткен маусым өте қызықты және жақсы мағынада қиын болды. Ұлттық құрамаға шақырту күттім бе? Иә, мен оралғым келді және командаға қосалғаныма қуаныштымын.

— Соңғы уақытта сізге «Жеңіс» пен «Жетісу» тарапынан қызығушылық бар деген сыбыстар айтылуда. Нақты ұсыныстар болды ма?

— Жоспарлар әрқашанда бар. «Оқжетпестен» ұсыныс түскен болатын, одан басқа ұсыныстар болған жоқ.



Күн шежіресі