Арман Кеңесов: «Ақтөбеде» қалғаныма қуаныштымын
Кезекті маусымға келісім-шартын создырған «Ақтөбе» футбол командасының жартылай қорғаушысы Арман Кеңесов клубтың баспасөз қызметіне сұхбат берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бұл шешім оңай болған жоқ, дегенмен Ақтөбеде қалғаныма қуаныштымын. Ақтөбе – мамамның туған жері, қызым да осы жерде дүниеге келді, осы жерде жан достарым, ұстазым бар. Қалуыма себептердің бірі осы. Жанкүйерлер көптен бері чемпиондықты күтіп жүр, чемпион болсақ қуанам. Жаттығу жиыны жақсы өтуде, бес жаттығу өткіздік, бәрі ойдағыдай. Әрине, үзілістен кейін оңай емес, бірақ бапкерлер аз-аздан жүктемені арттыруда, - деді Кеңесов.