«Ақтөбенің» бас бапкері қызметінен босатылды

Қазақстан чемпионаты аясында «Елимайдан» жеңілгеннен кейін «Ақтөбенің» бас бапкері Вячеслав Левчук қызметінен босатылды, деп хабарлайды Sport+.
Вячеслав Дмитриевич маусым басында Игорь Леоновтың бапкерлік штабында жұмыс істеген еді, алайда украиндық маман қызметінен кеткеннен кейін бас бапкер болып тағайындалған.
Осылайша, бұл — маусым басталғалы бері «Ақтөбедегі» екінші бапкерлік өзгерістері.
Семейде өткен матч «Елимайдың» пайдасына 2:1 есебімен аяқталды.