«Ақтөбе» сапына «Ювентустың» бұрынғы ойыншысы қосылмақ

Эквадорлық жартылай қорғаушы Хосе Франсиско Севальос-кіші «Ақтөбе» ойыншысы атанады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Эквадор құрамасында 3 матч өткізген Севальос «ақ-қызылдар» сапына еркін агент санатында қосылмақ.
Бұрын Севальос бельгиялық «Локерен» және «Ювентустың» жастар құрамында өнер көрсеткен.