«Ақтөбе» «Оқжетпесті» жеңіп, кестеде үшінші орынға көтерілді (видео)
Қазақстан Премьер-лигасының матчында «Ақтөбе» өз алаңында «Оқжетпесті» 2:1 есебімен жеңді.
Алаң иелері кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ басымдыққа ие болды. 5-минутта Яни Атанасов есеп ашса, 22-минутта Темірлан Ерланов есеп айырмасын екі допқа жеткізді. Бірінші таймның аяқталар тұсында қонақтар сапынан Шахбоз Умаров мергендік танытып, есеп айырмасын қысқартты.
Екінші таймда есеп өзгерген жоқ. Осылайша, «Ақтөбе» маңызды үш ұпайға ие болып, Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде үшінші орынға көтерілді.
«Ақтөбе» — «Оқжетпес» — 2:1
Голдар: Яни Атанасов, 5 (1:0), Темірлан Ерланов, 22 (2:0) — Шахбоз Умаров, 45 (2:1).