«Ақтөбе» неміс Бундеслигасының бұрынғы қорғаушысын қатарына қосты
«Ақтөбе» клубы 33 жастағы украиналық қорғаушы Иван Ордецпен келісімшартқа қол қойғанын мәлімдеді, деп жазады Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Иван Ордец — донецкілік «Шахтер» клубының түлегі. Сондай-ақ оның мансабында мәскеулік «Динамо» мен «Бохум» клубтары бар. Соңғы үш маусымда немістің «Бохум» командасы сапында Бундеслигада 66 матч өткізді.
Қорғаушы Украина ұлттық құрамасы құрамында 12 ойынға қатысқан.