logo

«Ақтөбе» клубын Еуропада алты дүркін чемпион атанған бапкер жаттықтыруы мүмкін

«Ақтөбе» клубын Еуропада алты дүркін чемпион атанған бапкер жаттықтыруы мүмкін

Сенімді дереккөздердің мәліметінше, «Ақтөбе» футбол клубы қазақстандық бапкер Владимир Чебуринмен келіссөздер жүргізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sport+.

Жуырда «Атырау» клубы Виталий Жуковскиймен қош айтысқанын мәлімдеді. Енді аталған клуб Владимир Чебуринге қызығушылық танытып отыр. Аталмыш маманға «Ақтөбе» де көз тігуде.

Неміс маманы Феликс Магатпен келіссөздер созылып кеткендіктен, «Ақтөбе» басшылығы өзге нұсқаларды қарастыруды жөн санап отыр. Соның ішінде ең ықтимал кандидат — Литвада алты рет чемпион атанған Владимир Чебурин.

Айта кетейік, батысқазақстандық клуб әзірге болгариялық маман Николай Костовпен келісімшартты бұзғаны туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Ал Владимир Чебурин ақпан айының ортасында Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасының аға жаттықтырушысы болып тағайындалған еді.



Күн шежіресі