«Ақтөбе» Чемпиондар лигасының екінші кезеңіне шықты
«Ақтөбе» әйелдер командасы Чемпиондар лигасындағы жорығын исландиялық «Брейдабликті» жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sport+.
Кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Ақтөбелік команданың жалғыз голын Екатерина Бабшук соқты.
Матчтан кейінгі пенальти сериясында «қызыл-ақтардың» жолы болып, 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Енді «Ақтөбенің» келесі қарсыласы Швейцарияның «Серветт» командасы болады.