Антальядағы турнирдің екінші күнінде дзюдошылар жүлде салмады
Антальяда (Түркия) дзюдодан Grand Slam турнирінің екінші жарыс күні қазақстандық спортшылар жүлдесіз аяқтады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
73 келіге дейінгі салмақта Мағжан Шамшадин екінші айналымда испандық Хавьер Инсаустиге есе жіберді. Абылайхан Жұбаназар (81 келі) алғашқы белдесуде Давид Карапетянға (Ресей) ұтылды.
Гүлнұр Баханова (63 келі) екінші айналымда ресейлік Дали Лилуашвилиге жол берді. Дәл осы салмақта Самалай Ерғалиева бастапқы белдесуде жергілікті дзюдошы Минел Ақденизге ұтылды.
Екатерина Токарева (70 келі) үшінші айналымға дейін жетіп, сол кездесуде Ким Поллингтен (Нидерланды) айласын асыра алмады.
Әзірше Қазақстан құрамасының бұл турнирдегі жалғыз жүлдесі Әбиба Абужақыноваға тиесілі, ол 48 келіде қола жүлдегер атанған еді.