Анна Данилина Уимблдон-2026 турнирінің үшінші айналымына шықты
Қазақстанның әйелдер арасындағы жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге Уимблдон-2026 турнирінің 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport+ ҚТФ ресми сайтына сілтеме жасап.
Екінші айналымда қазақстандық-сербиялық жұп украиналықтар Ангелина Калинина мен Даяна Ястремскаға қарсы ойнады.
Матч үш сетке созылып, Анна мен Александраның 2:6, 6:4, 6:0 есебімен жеңісімен аяқталды.
Теннисшілер кортта 1 сағат 47 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Данилина мен оның жұптасы бір эйс жасап, алты рет қос қателікке жол берді және 13 брейк-пойнттың алтауын сәтті пайдаланды.
Ширек финалға шығу үшін Данилина мен Крунич эстониялық Ингрид Нейл мен мексикалық Джулиана Олмос және норвегиялық Ульрикке Эйкери мен америкалық Куинн Глисон жұптарының жеңімпазымен кездеседі.