Анна Данилина АҚШ-та өткен WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптасып, АҚШ-тың Кливленд қаласында өткен WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sport+.
Финалда Даниилина мен Крунич Қытайлық Тайбэй елінің өкілі Хао Чин Чань мен Қытайдың теннисшісі Синью Яньды 7:6(7:3), 6:4 есебімен жеңді.
Осылайша, қазіргі таңда Аннаның жұптық разрядтағы WTA турнирлерінде 14 чемпиондық атағы бар:
— бір WTA 1000 титулы,
— екі WTA 500 титулы,
— сегіз WTA 250 титулы,
— үш WTA 125 титулы.
2023 жылы Анна Даниилина финляндиялық Харри Хелиёваарамен бірге US Open турнирінде микст санатында жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, ол жұптық сында екі «Үлкен Дулыға» турнирінің финалисі болды:
— 2022 жылғы Australian Open (Беатрис Хаддадпен бірге),
— 2025 жылғы Roland Garros (Александра Круничпен бірге).