Англия мен «Манчестер Ситидің» бұрынғы бапкері 76 жасында дүниеден озды
Англия құрамасымен және бірқатар еуропалық футбол клубтарымен жұмыс істеген швед бапкері Свен-Горан Эрикссон 2024 жылдың 26 тамызында 76 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan шетелдік БАҚ-на сілтеме жасап.
Эрикссон өзінің бай бапкерлік мансабында «Гетеборг», «Бенфика», «Рома», «Лацио», «Манчестер Сити» және бірқатар азиялық командаларды жаттықтырды. 2001 жылдан 2006 жылға дейін Англия құрамасының бас бапкері болды, онымен Әлем чемпионатының ¼ финалына екі рет жетті. 2008-2009 жылдары Мексика құрамасының бас бапкері болып, 2018-2019 жылдары Филиппин құрамасының жаттықтырды.
Клуб деңгейінде УЕФА Кубогын жеңіп алып, Португалия мен Италия чемпионы атанды.
2024 жылдың қаңтарында Эриксон ұйқы безінің қатерлі ісігі диагнозы қойылғаны туралы айтты.