logo

Ангелина Лукас Қазақстанда IBO белбеуі үшін жекпе-жек өткізетінін жариялады

Ангелина Лукас Қазақстанда IBO белбеуі үшін жекпе-жек өткізетінін жариялады

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас Sport+ телеарнасының эфирінде IBO белбеуін Қазақстанда қорғауға дайындалып жатқанын мәлімдеді.

«Мен IBO титулын туған жерім — Қазақстанда қорғауға дайындалып жатырмын! Бұл үлкен жекпе-жек болады, жақын арада толығырақ жаңалықтарды хабарлаймыз. Елде турнир ұйымдастыру өте қиын, бірақ бұл ауқымды шара болмақ. Біз нағыз гладиаторлар шығатын бокс кешін өткізгіміз келеді, олар шынайы боксты көрсетеді. Иә, бұл оңай емес, бірақ маған командам, менің жекпе-жегімді Қазақстанда көргісі келетін адамдар көмектесуде. Бұл бастаманы өзім көтердім — халық келіп, менің мықты қарсыласпен өтетін жекпе-жегімді көре алсын деген ниетпен. Қарсыласым, үлкен ықтималдықпен, Мексика немесе Чили елінен болады. Бұл мен үшін өте маңызды жекпе-жек, сондықтан да маған қазақ жанкүйерлерінің қолдауы ауадай қажет!», — деді Ангелина. 

Ангелина Лукаспен толық сұхбатты төмендегі плеер арқылы көре аласыздар. 



Күн шежіресі